Cатиралық блогер пост жариялағаны үшін қамауға алынды. Қазақстан билігінен оны босатуды талап етіңіз!



Темірлан Еңсебек — блогер, Qaznews24 сатиралық Instagram парақшасының авторы. Ол 17-ші қаңтарда Qaznews24 Instagram парақшасындағы жазбасы үшін қамауға алынып, Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 174-бабына сәйкес «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталды. Оның қудалауында өзінің белсенділігі мен Қазақстан үкіметін сынаған сатиралық жазбалары үшін бағытталған саяси астары бар.


Әрекет етіңіз: өз сөзіңізбен немесе осы үлгі хатты пайдаланып апелляция жазыңыз


Хат мәтіні:

Құрметті Кәріпбеков мырза,

Мен блогер Темірлан Енсебекті қудалауға қатысты қатты алаңдайтынымды білдіру үшін жазып отырмын. 17-ші қаңтарда ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабы бойынша «ұлтаралық алауыздықты қоздырды” деген түсініксіз және саяси астарлы айыппен қамауға алынды.

Айыптау себебі 2024 жылғы қаңтарда Qaznews24 парақшасында ресейлік тележүргізушінің мәлімдемелеріне жауап ретінде қазақ тіліндегі «Йо, Орыстар» әнін қосқан жазбасы болды. Бұл әннің авторлары белгісіз, жиырма жылдан астам уақыт бойы таралып жүр, онда қорлайтын сөздер де бар. Алайда, билік тек Темірлан ұсталғаннан кейін ғана бұл әнге тыйым салды. таңдамалы Бұл жағдай әдейі және саяси астар ыбар қудалауға қатысты деген қатты алаңдаушылық туғызды.

Осымен Қазақстан билігі Темірлан Еңсебектің сөз бостандығына ие болу құқығын жүзеге асырғаны үшін өзіне қарсы жасаған әрекеті же, наразылықты басу үшін 174-бапты қолдануы да бірінші рет емес. Темірлан Еңсебекті қудалау оның белсенділігі үшін кек алу және Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу әрекеті екені айдан анық.

Мен Сізді Темірлан Еңсебекті дереу және сөзсіз босатып, оған тағылған барлық айыптарды алып тастауға және оның жұмысын негізсіз шектеулерсіз жалғастыру құқығына кепілдік берілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын.

Құрметпен,

Мекенжай:

Алматы қаласы Прокуроры

Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына

Желтоқсан көшесі, 189
Алматы A15K0M9
Қазақстан