Қазақстан 2024/25
🠔 Артқа
🠔 Артқа
Темірлан Еңсебек — блогер, Qaznews24 сатиралық Instagram парақшасының авторы. Ол 17-ші қаңтарда Qaznews24 Instagram парақшасындағы жазбасы үшін қамауға алынып, Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 174-бабына сәйкес «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталды. Оның қудалауында өзінің белсенділігі мен Қазақстан үкіметін сынаған сатиралық жазбалары үшін бағытталған саяси астары бар.
3 наурызда Amnesty International және «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры бірлесе әзірлеген қазақ тіліндегі алғашқы интерактивті білім беру модулін ұсынғалы отыр. Бұл модульдер бейбіт жиындар бостандығы құқығына арналған.
Около 20 лет назад в Польше небольшая группа активистов провела 24-часовой марафон по написанию писем. В последующие годы эту идею подхватили и в других странах. Сегодня «Марафон писем» – это крупнейшая ежегодная правозащитная акция в мире. Ниже планы занятий на русском, казахском и кыргызском языках.
30 қарашада Қазақстандық белсенді және атақты спортшы Марат Жылынбаев өзінің бейбіт саяси қызметі үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол дереу және сөзсіз босатылуы тиіс.
2022 жылы тіркелген өлім жазасы оқиғалары соңғы бес жылда ең жоғары көрсеткішке жетті, өйткені Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ең атышулы жазалаушылар адам өлтіру әрекеттерін жасады, деп хабарлады Amnesty International бүгін өлім жазасына қатысты жылдық шолуын жариялағанда.
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Шыңжаң) 48 адам лагерлергеқамауға алынды не оларға әділ сотсыз үкім шығарылды. Олар «Шыңжаңдағы тұтқындардыбосату» науқанының жалпы саны 120 адамға жететін тізімге кіргізілді. Бұл істер 2017 жылданбері аймақта ұсталған 1 миллион немесе одан да көп ерлер мен әйелдердің өкілі болыптабылады. Қытай үкіметі саналы және мақсатты түрде негізінен ұйғырларды, қазақтардыжәне Шыңжаңдағы басқа да мұсылман этникалық саны аз топтардың өкілдерін нысанағаалды, оның ішінде жаппай ұстау және азаптау және басқа да қатыгездікпен қарау науқанынжүргізу арқылы. Қытай билігі Шыңжаңдағы лагерлер мен түрмелерде озбырлықпен ұсталғанбарлық адамдарды дереу босатуы керек.
• Amnesty International науқанына 50-ге жуық жаңа тұтқын қосылды, олардың жалпы саны 120-ға жетті.
30 мамыр күні Amnesty International «Еркіндік Қанаты» қазақстандық құқық қорғау ұйымындағы серіктестерімен бірге «Адам құқықтарына кіріспе» атты қазақ тілді бірлескен білім беру жобасын бастайды. Ол Amnesty Academy білім беру бағдарламасының аясында ағылшын тілінде басталып, қазіргі күні 19 тілге аударылған жобаға негізделген.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймақтағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман саны аз ұлттық топтар адамзатқа қарсы қылмыстарға жататын мемлекет ұйымдастырған жүйелі түрде жаппай қамалу, азаптау мен қудалауға ұшырады деп бүгін мәлімдеді Amnesty International өзінің жаңа баяндамасы мен науқанында.«Біз соғыс кезіндегі жау сияқты болдық»: Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарды жаппай тұтқындау, азаптау және қудалау» атты 160-беттік баяндамасында Amnesty International-дың дағдарыстарға жауап беру тобы бұрынғы тұтқындардың Қытай биліктері 2017 жылдан бастап аймақтағы мұсылман ұлттық топтарының діни, мәдени дәстүрлерін және жергілікті тілдерін түп-тамырымен жою үшін қолданған төтенше шаралары туралы ондаған жаңа айғақтар жариялады. «Терроризмге» қарсы күресті жамылған бұл қылмыстар ұлты ұйғырларға, қазақтарға, хуи, қырғыздарға, өзбектерге және тәжіктерге қарсы бағытталған.Қытай билігі бүкіл әлемдегі ең күрделі қадағалау жүйелерін және бүкіл Шыңжаң бойында жүздеген «білім беру арқылы өзгерту» қапас орталықтарын, ііс жүзінде тұтқындау лагерлерін құрды. Лагерлерде азаптау және басқа қатыгез әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылады және күнделікті өмірдің барлық салалары зайырлы, біртектес қытай ұлтын және Коммунистік партияның идеалдарын күштеп енгізу мақсатында реттеледі.«Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында таңқаларлық ауқымда жан түршігерлік тозақ орнатты», — деді Amnesty International бас хатшысы Агнес Калламар.“Ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылман саны аз топтар адамгершілікке қарсы және олардың діни, мәдени ерекшелігін жою қаупін төндіретін басқа да елеулі адам құқықтары бұзушылықтарына тап болады.”«Бұл адамзаттың ар-ұжданын дүр сілкіндіруі керек, өйткені көптеген адамдар тұтқындау лагерлерде сананы жуу, азаптау және басқа да қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшырады, ал миллиондаған адамдар зор бақылау жүйесінің ортасында қорқынышта өмір сүреді».