Masterclass educatie, Amnesty kantoor Nederland. Masterclass education, Amnesty office the Netherlands

Amnesty International «Адам құқықтарына кіріспе» атты қазақ тіліндегі онлайн курсын ашуда

30 мамыр күні Amnesty International «Еркіндік Қанаты» қазақстандық құқық қорғау ұйымындағы серіктестерімен бірге «Адам құқықтарына кіріспе» атты қазақ тілді бірлескен білім беру жобасын бастайды. Ол Amnesty Academy білім беру бағдарламасының аясында ағылшын тілінде басталып, қазіргі күні 19 тілге аударылған жобаға негізделген.

«2022 жылғы «Қайғылы қаңтар» оқиғалары құқық қорғау қауымдастығының Қазақстан халқымен бір тілде – қазақ тілінде сөйлесуі керектігін анық көрсетті. Біздің алдымызда ауқымды, бірақ өзімізді шабыттандыратын мақсат тұр. Біз қазақстандықтардың өз құқықтарын білуіне, өз бостандықтарын бағалауына және оларды сотта я күнделікті өмірде тек қоғам белсенділері ретінде ғана емес, өз елінің қарапайым азаматтары ретінде де қорғай алуына септігімізді тигізгіміз келеді», — деді «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова.

Біздің алдымызда ауқымды, бірақ өзімізді шабыттандыратын мақсат тұр. Біз қазақстандықтардың өз құқықтарын білуіне, өз бостандықтарын бағалауына

Елена Швецова, «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры

«Адам құқықтарына кіріспе» – қазіргі таңда 50 000-нан астам адам өтіп жатқан Amnesty Academy жаһандық платформасындағы ең танымал курс. Курс күнделікті өмірдегі адам құқықтары және адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің рөлі, құқық қорғау ұйымдарының маңыздылығы және адам құқықтарын сақтаудың негізгі әдістер, жүйеге қарсылық білдіру және құқық қорғау бағытының тәуекелдері сынды адам құқықтары концептісінің әртүрлі аспектілеріне арналған бірнеше модульдерден тұрады. Қатысушылардың неғұрлым тереңірек білім алуы үшін жеке жұмыс дәптерлерін толтыру тапсырмалары қарастырылған. Платформаның өзі https://academy.amnesty.org/ арнайы веб-сайтынан бөлек, iOS және Android құрылғыларында да қолжетімді. Бұл оқу процесінің автономды режимде жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Қазақ тіліндегі «Адам құқықтарына кіріспе» курсы жастармен қатар, әртүрлі мамандық иелері – мұғалімдер, заңгерлер, журналистер сынды кең аудиторияға арналған. Оқуды өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастап, курсы аяқталғаннан кейін сертификат ала аласыз. Сонымен қатар, «Адам құқықтарына кіріспе» онлайн курсының модульдерін қоғамтану, тарих немесе басқа да пәндер бойынша сабақтарды өткізу кезінде көмекші материал ретінде әрі адам құқықтары бойынша тренингтер өткізу барысында бастапқы қадам ретінде қолдана аласыз.

Жоба «Сорос-Қазақстан» Қорының қаржылық қолдауымен және Amnesty International ұйымының ақпараттық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылуда.

Amnesty Academy платформасындағы курсқа сілтеме https://academy.amnesty.org/learn/course/external/view/elearning/245/adam-kkyktaryna-kirispe 

Amnesty Academy iOS сілтемесі https://apps.apple.com/us/app/human-rights-academy/id1534113236 

Amnesty Academy Android сілтемесі https://play.google.com/store/apps/details?id=com.amnesty.academy&gl=US