Иллюстрация: Molly Crabapple

Қытай: Шыңжаңдағы мұсылмандарды аса қудалау адамзатқа қарсы қылмыстармен тең

  • Саны аз мұсылман тобына жататын жүздеген мың ерлер мен әйелдер жаппай тұтқындау мен азаптауға тап болды
  • Миллиондаған мұсылмандар жүйелі түрде жаппай аңдудың астында
  • Мұсылман ұлттық топтар өз діни дәстүрлері, мәдени салттары мен жергілікті тілінен бас тартуға мәжбүрленді
  • 50-ден астам бұрынғы лагерь тұтқындары жан түршігерлік жаңа айғақ беріп, тұтқындағы ішкі жағдайды ашып көрсетті
  • Amnesty International науқаны тұтқында болуы мүмкін 60-тан астам адамдардың істерін келтіріп, тұтқындау лагерлерін жабуға шақырады

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймақтағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман саны аз ұлттық топтар адамзатқа қарсы қылмыстарға жататын мемлекет ұйымдастырған жүйелі түрде жаппай қамалу, азаптау мен қудалауға ұшырады деп бүгін мәлімдеді Amnesty International өзінің жаңа баяндамасы мен науқанында.

«Біз соғыс кезіндегі жау сияқты болдық»: Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарды жаппай тұтқындау, азаптау және қудалау» атты 160-беттік баяндамасында Amnesty International-дың дағдарыстарға жауап беру тобы бұрынғы тұтқындардың Қытай биліктері 2017 жылдан бастап аймақтағы мұсылман ұлттық топтарының діни, мәдени дәстүрлерін және жергілікті тілдерін түп-тамырымен жою үшін қолданған төтенше шаралары туралы ондаған жаңа айғақтар жариялады. «Терроризмге» қарсы күресті  жамылған бұл қылмыстар ұлты ұйғырларға, қазақтарға, хуи, қырғыздарға, өзбектерге және тәжіктерге қарсы бағытталған.

Қытай билігі бүкіл әлемдегі ең күрделі қадағалау жүйелерін және бүкіл Шыңжаң бойында жүздеген «білім беру арқылы өзгерту» қапас орталықтарын, ііс жүзінде тұтқындау лагерлерін құрды. Лагерлерде азаптау және басқа қатыгез әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылады және күнделікті өмірдің барлық салалары зайырлы, біртектес қытай ұлтын және Коммунистік партияның идеалдарын күштеп енгізу мақсатында реттеледі.

«Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында таңқаларлық ауқымда жан түршігерлік тозақ орнатты», – деді Amnesty International бас хатшысы Агнес Калламар.

“Ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылман саны аз топтар адамгершілікке қарсы және олардың діни, мәдени  ерекшелігін жою қаупін төндіретін басқа да елеулі адам құқықтары бұзушылықтарына тап болады.”

«Бұл адамзаттың ар-ұжданын дүр сілкіндіруі керек, өйткені көптеген адамдар тұтқындау лагерлерде сананы жуу, азаптау және басқа да қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшырады, ал миллиондаған адамдар зор бақылау жүйесінің ортасында қорқынышта өмір сүреді».

Бұл адамзаттың ар-ұжданын дүр сілкіндіруі керек, өйткені көптеген адамдар тұтқындау лагерлерде сананы жуу, азаптау және басқа да қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшырады, ал миллиондаған адамдар зор бақылау жүйесінің ортасында қорқынышта өмір сүреді

Агнес Калламар, Amnesty International бас хатшысы

Жаппай қамау

Баяндамада 2017 ж. бастап, көптеген мұсылман ұлттық топтар арасынан өте көп ер адамдар мен әйелдер ұсталғанын көрсетеді. Олардың ішінен жүздеген мың адамдар түрмеге жіберіліп, тағы жүздеген мың, мүмкін, 1 миллионнан астам адамдар үкімет “оқу” не “оқыту” орталықтары деп атайтын орындарға жіберілді.

Amnesty International сұхбат алған 50-ден астам бұрынғы тұтқындардың бәрі толығымен заңды болып табылатын әрекеттер, яғни, діни тақырыптағы суреттер сақтау не шетелде тұратындармен сөйлескені үшін тұтқындалды. 2017 жылдың аяғында жаппай тұтқындауға қатысқан үкіметтің өкілі біздің ұйымға полиция адамдарды үйінен ескертусіз қалай алып кеткенін және оларды тиісті рәсімсіз қалай ұстағанын айтты.

Amnesty International-мен сөйлескен құрбандардың көпшілігі алдымен полиция бөлімшелерінде жауап берген, лагерге жіберудің алдында олардан биометриялық және медициналық мәліметтер алынғанын айтты. Олар жиі жағдайда «жолбарыс орындықтарында» – денесін ауыртып ұстайтын, қол-аяғына кісен салып отырғызатын темір орындықтарда жауап берді. Полиция бөлімшелерінде ұрып-соғу, ұйқыдан айыру және адамдардың тым көп болуы кең таралған, ал ұсталғандарға сұрақтан өткізу және тасымалдау кезінде капюшон мен шынжыр қолданылған.

Лагерге кірген сәттен бастап, тұтқындардың өмірі қатаң реттелген. Оларда жеке бостандық не жеке аясы болған жоқ, жай бағынбағаны үшін, кейде камерада бірге отырғандармен бірге қатаң жазаланатын.  Тұтқындардың бір-бірімен еркін сөйлесуіне тыйым салынды және олар түрме күзетшілеріне немесе басқа шенеуніктерге қытай тілінде емес, ана тілінде жауап бергенде қатаң жазаланды. Тұтқындардың күнделікті әрбір іс-әрекеті алдын-ала белгіленіп, олардың мінез-құлқы үнемі бақыланып, бағаланды.

Телефонында WhatsApp қолданғаны үшін қамауға алынған бір әйел: «[Күн сайын] сіз таңғы 5-те тұрып, төсегіңізді жинауыңыз керек, бұл мінсіз болуы керек. Содан кейін ту көтеру және «ант қабылдау» рәсімі өтеді. Содан кейін сіз асханада таңғы асқа барасыз. Содан кейін сыныпқа. Содан кейін түскі ас. Содан кейін сыныпқа. Содан кейін кешкі ас. Содан кейін тағы бір сабақ. Содан кейін ұйқыға жатамыз. Әр кеш сайын екі адам екі сағат бойы «кезекпен» [басқа тұтқындарды қарап] отырды … Өзімізге бір минут та қалмады. Қатты күйзелісте боласыз».

Алғашқы апталарда немесе айларда тұтқындар, әдетте, ояу болған уақытында көбінесе камерада бір қалпында отыруға немесе тізерлеуге мәжбүр болады. Содан кейін олар әдетте мәжбүрлі «оқудан» өтеді, оның барысында оларға исламнан, өз тілдері мен басқа мәдени дәстүрлерінен бас тартуға, сондай-ақ мандарин қытай тілін оқып, Қытай коммунистік партиясын насихаттауға талап етіледі.

Қарулы күзет астында асханаға, сыныптарға немесе жауап алуға барудан басқа, тұтқындар іс жүзінде ешқашан камераларынан шықпайды, күн сәулесін сирек көріп, анда-санда ғана ашық ауада жаттығу жасайды.

Алғашқы апталарда немесе айларда тұтқындар, әдетте, ояу болған уақытында көбінесе камерада бір қалпында отыруға немесе тізерлеуге мәжбүр болады

Жүйелі түрде азаптау

Amnesty International сұхбат алған әрбір бұрынғы тұтқын азаптау не басқа қатыгез әрекеттерден зардап шеккен.

Оған күнделікті адамгершіліктен айыру жиынтық психологиялық әсері, сондай-ақ ұрып-соғу, электр тоғымен ұру, жалғыз қамақ, тамақтан, судан және ұйқыдан айыру, қатты суыққа қалдыру, шектеулерді, соның ішінде азаптауды,  жолбарыс орындықтары сияқты құралдарды асыра пайдалану түріндегі физикалық азаптау жатады. Кейбіреулер жолбарыс орындыққа 24 сағат не одан көп уақыт отырғаны туралы хабарланған.

Камерада бірге отырғанды қорғағаны үшін жазаланған егде жастағы әйел өзін тар, қараңғы, суық және терезесіз бөлмеге апарып, қол-аяғын байлап, темір орындыққа үш күн бойы отыруға мәжбүр болғанын айтты.

Бұрын тұтқындалған екі адам ауыр бұғау тағуға мәжбүр болғанын айтты, бір оқиғада бір жыл бойы таққан. Басқалары электр таяқшаларымен соққыға жығылғанын немесе бұрыш газ сепкенін айтты.

Кейбір тұтқындар бірнеше рет азапталғанын хабарлады, ал басқалары камерада бірге отырғандардың азапталғанын көруге мәжбүр болды. Amnesty International анықтағандай, бір тұтқынды жолбарыс орындығына камераластарының алдында 72 сағат бойы отырғызып, сол орындықта кіші және үлкен дәретке барғызған. Соның салдарынан тұтқын қайтыс болған.

Бұрын тұтқындалған екі адам ауыр бұғау тағуға мәжбүр болғанын айтты, бір оқиғада бір жыл бойы таққан

Аңду мемлекеті

Лагерлердің ішінде де, одан тыс жерде де Шыңжаңдағы мұсылмандар әлемдегі ең қатты бақыланатын халықтардың бірі болып табылады.

Лагерьден шыққаннан кейін кем дегенде бірнеше ай ішінде барлығы дерлік бұрынғы тұтқындар электронды және жеке бақылауда болады, соның ішінде «үйде қонатын», оларды қадағалап, «күдікті» мінез-құлық туралы есеп беретін  мемлекеттік қызметкерлер тарапынан. Бұл рұқсат етілмеген байланыс бағдарламалық жүктемелерін (мысалы, VPN немесе WhatsApp) пайдалану немесе «әдеттен тыс» мөлшерде жанармай немесе электр энергиясын сатып алу, бейбіт діни дәстүрлер болуы мүмкін.

Бостандыққа шыққан тұтқындардың жүріп-тұру еркіндігі де қатаң шектелген, өйткені көптеген қауіпсіздік күштері көшелерді күзетіп, мыңдаған бақылау-өткізу пункттерін басқарады, оларды мазақ қылғандай, «ыңғайлы полиция бөлімшелері» деп атайды.

Дін үшін қудалау

Шыңжаңда мұсылмандар өз діндерін ұстана алмайды. Ондаған мұсылман ерлер мен әйелдер Amnesty International-ға Қытайдың аймақтық биліктері олардың ислам сенімдеріне  қастықпен қарайтынын айтты. Негізгі діни және мәдени дәстүрлер «экстремистік» деп танылды және оларды қамауға негіз болды.

Нәтижесінде адамдардың көпшілігі намаз оқуды немесе ислам дінін ұстанатынын көрсетуді қойды. Бұл киім, сыртқы түрі мен  тіпті сөйлеген сөздеріне қатысты. «Біз енді «ас-саламу алейкум» деп айта алмадық (көптеген ислам мәдениеттерінде «Cізге бейбітшілік тілеймін» дегенді білдіретін әдеттегі сәлемдесу) …», – деді бір адам Amnesty International-ға. Құран, жайнамаз және басқа діни жәдігерлерді ұстауға тыйым салынды.

Нәтижесінде адамдардың көпшілігі намаз оқуды немесе ислам дінін ұстанатынын көрсетуді қойды. Бұл киім, сыртқы түрі мен  тіпті сөйлеген сөздеріне қатысты

Қытай үкіметінің бұрынғы шенеуніктері Amnesty International ұйымына діни заттарды тәркілеу үшін адамдардың үйіне қалай кіргендерін айтты. «Біз оларға [мешіттердің] суреттерін алып тастап, [қытайлық] туларды іліп қоюға бұйырық бердік» деді біреуі.

Amnesty International-ға сұхбат берген адамдар бүкіл Шыңжаңда мешіттер, қасиетті орындар, қабірлер және басқа да діни-мәдени орындардың қалай жүйелі түрде бұзылғанын немесе өзгертілгенін сипаттады.

Жаппай жасыру

Қытай үкіметі Шыңжаңдағы адам құқықтары саласындағы халықаралық заңдардың бұзылуын жасыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Билік бұл туралы ашық айтатындарды қорқытып, ұстайды және қатыгездікпен қарайды.

Ұсталған жүз мыңдаған адамның тағдыры белгісіз. Көптеген адамдар лагерлерде қамалуы мүмкін. Қалғандары ұзақ мерзімдерге сотталды. Қытай үкіметінің мәліметтері түрмелердегі жазалардың саны едәуір өскенін көрсетеді, ал спутник суреттері Шыңжаңда 2017 жылдан бері жаңа түрмелер салынып жатқанын көрсетті. Басқалары мәжбүрлі еңбек жағдайына түсті.

«Қытай тұтқындау лагерлерін дереу жауып, оларда және түрмелерде заңсыз ұсталатын адамдарды босатып, Шыңжаңдағы мұсылмандарға жүйелі шабуылдарды тоқтатуы керек», – деді Агнес Калламар.

«Халықаралық қауымдастық осы жиіркенішті әрекеттерді біржола тоқтату үшін ашық айтып, бірге әрекет етуі керек. БҰҰ  күдіктілерді  халықаралық заңдар бойынша қылмыс жасағаны үшін жауапқа тарту үшін тәуелсіз тергеу механизмін құрып, жедел іске қосу керек».

АҚПАРАТ

1. Баяндама қорытындылары негізінен 2019 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы сәуіріне дейін жиналған алғашқы деректерге, сондай-ақ спутник суреттері мен деректердің сараптамасы, сондай-ақ жария болған мемлекеттік құжаттарға негізделген. Amnesty International 50-ден астам бұрынғы тұтқындармен сұхбаттасты, олардың көбісі бұрын-соңды бұл туралы ашық айтпаған, сонымен қатар 2017 жылдан бері Шыңжаңға сапар шеккен көптеген адамдар, жоғалған немесе қамауға алынған адамдардың 70-тен астам отбасы мүшелері, үкіметтік ақпарат берушілер, журналистер және басқалардан ақпарат алды.

2. Қауіпсіздік мақсатында осы сұхбаттардың барлығы дерлік Amnesty International сұхбат берген адамның аты-жөнін және / немесе сұхбат беруші, сұхбат берушінің отбасын немесе басқа да қауіптегі қайсыбір адамды анықтауға пайдалану мүмкін  ақпаратты жарияламайды деген шартпен өткізілді. Барлық жағдайда баяндамада бүркеніш аттар қолданылған.

3. Баяндамамен қатар, Amnesty International жоғалып кеткен және Шыңжаңдағы тұтқындау лагерлерде немесе түрмелерде жатыр деп есептелген 60-тан астам саны аз мұсылман топтар өкілдерінің іс материалдарын ұсынып,  жаңа науқанды бастайды. Ұйым лагерлерде немесе түрмелерде заңсыз қамалғандардың бәрін босату үшін белсенді науқан жүргізетін болады.

Amnesty International әйгілі суретші Молли Крэбэпплмен бірлесіп, бұрынғы тұтқындардың айғақтарында сипатталған жүректі жаралайтын көріністерді бейнелейтін 30 керемет түпнұсқа иллюстрациялар сериясын жасады. Оларды баяндамадан және мультимедиялық сайттан көруге болады: https://xinjiang.amnesty.org.