Detainees immobilized in _tiger chairs_ in internment camps_ Xinjiang_ China.

Қытай: БҰҰ-ң кешігіп жатқан есебін күтіп отырғанда, Шыңжаңдағы тұтқындардың отбасылары сөйлеп жатыр

Amnesty International науқанына 50-ге жуық жаңа тұтқын қосылды, олардың жалпы саны 120-ға жетті.

• Отбасы мүшелері әділетсіздік пен ұзақ уақыт бойы бөлінудің сұмдығын сипаттайды

• Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Шыңжаңға жақында барған сапарына қарамастан жағдай туралы есеп әлі жарияламады

Бүгін Amnesty International Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қамауға алынған 48 ұлты ұйғыр мен қазақтар туыстарының жүрек жарды жаңа куәліктерін жариялап, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарын шара қабылдауға үндеуін қайталады.

Жоғары комиссар Мишель Бачелет Шыңжаңдағы адам құқықтарының өрескел бұзылуы туралы көптен күткен баяндамасын әлі жарияламады және Қытай билігінің аймақтағы бұзушылықтардың ауырлығын бірнеше рет мойындай алмады. Осы кешігуге байланысты БҰҰ-ның Шыңжаңға қатысты тұжырымдарын талқылай алмай, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі кезекті сессиясының осы аптада жабылуы қатты қынжылтады.

Жоғары комиссар Мишель Бачелет Шыңжаңдағы адам құқықтарының өрескел бұзылуы туралы көптен күткен баяндамасын әлі жарияламады және Қытай билігінің аймақтағы бұзушылықтардың ауырлығын бірнеше рет мойындай алмады

Amnesty International жинаған жаңа куәлік оның  Шыңжаң тұтқындарын босату науқанының бір бөлігі болып табылып, қазір Қытайдың Шыңжаңдағы түрмелер мен тұтқындау лагерлерінің кең жүйесінде қамауда болған 120 адамның тарихын баяндайды.

«Осы отбасылардың куәліктері Шыңжаңда болып жатқан жантүршігерлік оқиғаларды ашық көрсетеді, бұл адамзатқа қарсы қылмыстар болып табылады. Көптеген адамдар өздерінің бірнеше отбасы мүшелерінің қамауда отырғанын айтты, бұл қиянаттың кең ауқымын көрсетеді — бір адам өзінің 40 туыстары ұсталғанын айтты», — деді Агнес Калламард, Amnesty International Бас хатшысы.

«Шыңжаңдағы кең ауқымды зұлымдыққа Біріккен Ұлттар Ұйымының жауап беруге асықпауы Қытайдың 2017 жылдан бері Шыңжаңдағы негізінен мұсылман саны аз топтарға қарсы жаппай түрмеге қамау, азаптау және қудалау науқанының құрбандары мен аман қалғандарын қорлауды күшейтеді. Біз Қытай үкіметін тұтқындау лагерлер кең жүйесін жоюға; түрмелерде немесе басқа жерлерде кез келген негізсіз ұстауды, күштеп жоғалтуды және қатыгездікті тоқтатуға; және Шыңжаңдағы ұйғырларға, қазақтарға және басқа да саны аз топтарға жасалған жан түршігерлік қудалауды тоқтатуға шақырамыз.  

«Қытай билігі жауапкершілікке тартылуы керек және Жоғарғы комиссар Бачелет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде шұғыл түрде ұсынылуы тиіс өзінің ұзақ уақытқа созылған баяндамасын жариялаған жағдайда маңызды қадам болады. Оның Шыңжаңдағы адамзатқа қарсы қылмыстар мен басқа да адам құқықтарын ауыр бұзушылықтарды үнемі жария етпеуі әділеттілікке кедергі болып табылады. Бұл БҰҰ жүйесін де ұятқа қалдырады».

Қытай билігі жауапкершілікке тартылуы керек және Жоғарғы комиссар Бачелет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде шұғыл түрде ұсынылуы тиіс өзінің ұзақ уақытқа созылған баяндамасын жариялаған жағдайда маңызды қадам болады

Агнес Калламард, Amnesty International Бас хатшысы

Бөлінген отбасылар

Amnesty International жақында Түркияда 48 тұтқынның қуғындағы туыстарымен жеке сұхбат жүргізді. Олар өздерінің туыстары «терроризмге» қатысты немесе басқа да жалған айыптаулармен қамауға алынғанын айтты, шамасы, саяхаттау немесе балаларының шетелде оқуына ақша төлеу сияқты қарапайым істер үшін. Басқалары тек дінге не ұлтына қарай қамауға алынуы мүмкін.

Гүлайша Оралбай есімді қазақ әйелі 2017 жылы Қытай билігі оны Қазақстаннан Шыңжаңға қайтаруға үгіттегеннен кейін, зейнеткер ағасы  қазақ журналисті және аудармашы Ділшат Оралбайдың басынан өткен оқиғасын айтып берді. Қайтып оралған бойда оның төлқұжаты тәркіленді. бірнеше айдан кейін қамауға алынды.

«Сот жоқ, олар оны түрмеге жаба салды, [және оны 25 жылға кесті» деді]», — деп айтты Гүлайша.

«Мен себебін өзі біледі деп ойламаймын. Біреулер Қазақстанға барғаны үшін деді, түрлі сылтаулармен; нақты негіз бен себеп жоқ».

Гүлайша мен Ділшаттың екі әпкесі Бақытгүл мен Бағила Оралбай да қамауда.

Абдулла Расул Amnesty International ұйымына 2017 жылдың мамырында ұйғыр шаруа және қасапшы ағасы Пархат Расулдың қалай ұсталып, лагерьге жеткізілгенін айтып берді. Содан бері отбасы одан тікелей хабар алмаған, бірақ 2018 жылы сенімді дереккөзден білгендей, Пархат тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Пархаттың отбасы ол мұсылман болғаны және қайырымдылықпен айналысқаны үшін ғана қамауға алынды деп санайды. Туыстарының айтуынша, Пархаттың әйелі Қалбинұр мен қайын енесі Паризат Абдугүл де түрмеде. Пархат пен Қалбинұрдың 14 пен 16 жастағы екі қызы және 11 жастағы ұлы бар.

«Олар [Қытай үкіметі] біздің болмысымызды, мәдениетімізді, дінімізді өшіргісі келеді», — деді Абдулла Расул. «Отанымызда не болып жатқанын бәрі анық көре алады деп үміттенемін». Медине Назими өзінің әпкесі Мевлүде Хилал дауысын соңғы рет 2016 жылдың аяғында естігенін айтты. Мевлүде Түркияда оқып жүрген, бірақ сырқат болған анасына көмектесу үшін Шыңжаңға оралғаннан кейін 2017 жылы тұтқындау лагеріне жіберіліп, кейін «сепаратизм» деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тұрмыста, кішкентай қызы бар.

«Олар әпкемді алып кеткенде, менің жиенім Айша бар болғаны бір жаста еді», — деді Медин Amnesty International ұйымына. «Біз қарапайым өмір сүріп, бақытты отбасы болғанбыз. Менің әпкемді әкету жалғыз себебі бар: ұйғыр болуы».

Менің әпкемді әкету жалғыз себебі бар: ұйғыр болуы

Медине Назими, тұтқын Мевлуде Хилалдың әпкесі

Жағдай туралы айтатын адамдар зор тәуекелге барады; тұтқындалғандардың бірнеше отбасы мүшелері билік тарапынан ашық шығып сөйлегендері үшін қорқытқанын айтты.

Түркияда тұратын ұйғыр кәсіпкер және белсенді Абудурехман Тохти халықаралық БАҚ-қа оның әйелі мен анасының түрмеге жауып, әкесін заңсыз қамауға алғаны туралы сұхбат берді. Ол Amnesty International ұйымына кейін Түркиядағы Қытай консулдығы өзімен байданысып, оны ұстайтынын не «көлік апатынан» өледі деп қорқытқанын айтты.

Зәулім дәлел

2017 жылдан бері Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғырларға, қазақтарға және басқа да негізінен мұсылмандық этникалық саны аз топтарға қарсы «терроризммен» күрес деген желеумен жүргізген қуғын-сүргіннің ауқымды құжаттамасы бар. 2021 жылы Amnesty International ұйымының жан-жақты баяндамасы  Қытай билігінің мемлекет жүйелі түрде ұйымдастырған жаппай қамау, азаптау және қудалауы адамзатқа қарсы қылмыс екенін көрсетті.

Қытай билігі бұл бұзушылықтарды жасыру үшін өзінің репрессиялық бақылау жағдайын пайдаланды, бірақ Шыңжаңнан ақпарат ашылып жатыр. 2022 жылдың мамыр айында бірнеше халықаралық БАҚ Шыңжаң полициясы файлдары  атты бірлескен тергеуді жариялады, оның ішінде Қытайдың ішкі полиция желілерінен алынған сөйлеген сөздер, суреттер, құжаттар мен электрондық кестелердің мәліметтері бар.

«Дәлелдердің көбеюіне қарамастан, Қытай билігі әлі де әлемге Шыңжаңдағы жаппай қамау туралы өтірік айтуда», — деді Агнес Калламар.

Дәлелдердің көбеюіне қарамастан, Қытай билігі әлі де әлемге Шыңжаңдағы жаппай қамау туралы өтірік айтуда

Агнес Калламард, Amnesty International Бас хатшысы

“Amnesty International БҰҰ-ң ондаған сарапшыларының  бейтарап және халықаралық механизм құру туралы бірлескен үндеуін  қолдайды. Мұндай механизм Қытай үкіметі Шыңжаңдағы адамзатқа қарсы қылмыстарды және басқа да ауыр адам құқықтарын бұзушылықтарын тексеруі керек. Әлі де негізсіз қамауға алынған мыңдаған адамдар мен олардың отбасылары шындыққа, әділдікке және жауапқа тартуға лайық».

Бачелет қамауға алынғандардың отбасылары талаптарын тез арада шешуі керек және оның офисі ұсталғандар туралы ақпарат беруді жеңілдету үшін қандай да бір қадамдар жасай алғанын көрсетуі керек.

РЕДАКТОРЛАРҒА ЕСКЕРТПЕ

БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 50-ші сессиясы жалғасуда және 8 шілдеде аяқталады. Бұл Мишель Бачелеттің Жоғарғы комиссар ретіндегі соңғысы болады; оның мандаты 2022 жылдың 31 тамызында аяқталады және ол екінші рет үміткер болмайтынын  мәлімдеді.

Мамыр айының соңында Қытайға көптен күткен сапарының, соның ішінде Шыңжаңға қысқа сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Бачелет Қытайдағы адам құқықтарының өрескел бұзылғанын мойындамады. HОның сапары соңындағы мәлімдемесі  аймақтағы жауапкершілікті ілгерілету әрекеттеріне нұқсан келтірді, оның орнына Қытай үкіметі үшін болжамды үгіт-насихат жаттығуларына тікелей кіріскендей әсер қалдырды. Одан кейін ол Шыңжаңда тұтқындалған қайсыбір ұйғырлар не олардың отбасыларымен кездесе алмағанын айтып, аймақта болған уақыт бойы мемлекеттік шенеуніктер жанын қалмай жүргенін мойындады.